Ақтөбеде бір топ адам туристік қызмет көрсетуді желеу еткен алаяқтың тұзағына ілінген

Турист, Ақтөбе, туристік қызмет, алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 14:03 Сурет: freepik
Ақтөбеде туристік қызмет көрсету желеуімен жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Nергеу деректеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілер арқылы шетелге туристік сапарлар ұйымдастыру жөнінде хабарландырулар жариялаған. Ол азаматтарды туристік қызметтер көрсету мүмкіндігі бар екеніне сендіріп, турларды, әуе билеттерін және қонақүйде тұру орындарын брондау үшін төлем ретінде ақшалай қаражат алған.

"Алайда алынған қаражатқа қарамастан, өзіне алған міндеттемелерін орындамаған. Туристік сапарлар ұйымдастырылмай, азаматтардың ақшалай қаражаттары күдіктінің жеке мақсаттарына пайдаланылған. Заңға қайшы әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге елеулі материалдық залал келтірілген", деп хабарлайды Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бұған дейін Алматы облысында экс-шенді алаяқтық бабымен сотқа тартылып жатқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: