Астанада есірткіге қосатын көкнәрді "отбасылық" бизнес көзіне айналдырған жеті адам сотталды

Сурет: Zakon.kz
Елордада Астана, Қостанай және Рудный қалаларындағы азық-түлік дүкендері арқылы құрамында есірткісі бар заттарды заңсыз сатуда "отбасылық" бизнесті ұйымдастырған жеті адамның соты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 2024 жылдың 4 сәуірінде аса ірі мөлшерде көкнәр сабаны және опий бар 5 тоннадан астам көкнәрді сақтау және оның бөлшек саудасымен айналысқан жеті адамнан тұратын отбасы мүшелеріне қатысты үкім шығарды. Сотталғандар Астана, Қостанай және Рудный қалаларындағы азық-түлік дүкендері арқылы құрамында есірткісі бар заттарды заңсыз сатуда "отбасылық" бизнес ұйымдастырған.


"Сотта мемлекеттік айыптаушылар миллиондаған пайдаға қылмыстық жолмен кеңелу үшін сотталғандар өздерінің азық-түлік дүкендерінде нашақорларға "тауар" сатумен айналысқанын жеткізді. Атап айтқанда олардың көктамырға енгізуге арналған опийді жасау үшін опийлық көкнәрді тағамдық көкнәр, сондай-ақ оның құрамдас бөліктері (құрылыстық еріткіш, ас содасы, сірке суы, "Тропикамид", "Мидакс" медициналық заттары) түрінде сатқанын дәлелдеді".Бас көлік прокуратурасы

Сот процесі алқабилердiң қатысуымен өтті. 

Алқабилер үкімі негізінде сотталушылар ұзақ мерзімге (10 жылдан 11 жылға дейін) бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қарағанды
Қостанай
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды