Көшеде әйелді аяусыз соққыға жыққан ер адамға қатысты тың дерек жарияланды

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысының полиция департаменті 5 сәуірде әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында көшеде ер адамның әйелді аяусыз соққыға жыққан видеосын анықтап, бірден тексеру шараларын қолға алғандарын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ізін суытпай 35 жастағы Ақтас қаласының тұрғынын ұстап, оның 27 жастағы азаматтық некедегі әйеліне дене жарақаттарын келтіргенін анықтады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің жеңіл дене жарақатын алғаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты жинақталған материалдар сотқа жіберіліп, соттың шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды". Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі

Айта кетсек, желіде жарияланған видеоның сипаттамасында оқыс оқиғаның мектептің жанында болғаны айтылады. Видеода ер адам әйелді шашынан сүйреп, балағаттап, жуан жұдырықтарын да сілтеп жатыр. Куәгерлердің бірі полиция шақырамын деп айғайлайды. Оған агрессор: "Шақыра бер, отырып шығамын!" - деп жауап береді.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін