Ақмола облысында жолға шығып алған жылқылар жол апатына түрткі болды

Сурет: видеодан алынды
Ақмола облысында көлік абайсызда алты жылқыны қағып кетіп, өлтіріп алды. Көлік құралына механикалық зақым келді, жүргізушісі дін аман, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 9 сәуірде сағат 04.10 шамасында "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 127-ші шақырымында болды.

"44 жастағы "Lexus RX-450" маркалы көлігінің жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында келе жатып, 6 бас малдың (жылқы) өліміне әкеліп соқтырған жол апатына жол берді. Көлік құралына механикалық зақым келді. Тәртіп сақшылары дереу Ақкөл қаласының  62 жастағы табыншысын анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы, "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Зардап шеккен адамдар болған жоқ". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Өңірде жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін полицейлер 735 әкімшілік хаттама толтырған. Осыған байланысты полиция азаматтарға ескерту жол белгілері, макеттер орналасқан жерде жылдамдықты төмендету қажет екенін атап ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі