Оралда өзін нашар сезінген көлік рөліндегі әйелге полицейлер көмектесті

Сурет: polisia.kz
18 сәуірде сағат 10:18 шамасында Деркөл ауылында Окружное шоссе көшесінің бойында патрульдеу кезінде Орал қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік жүргізу кезінде жүрегі сыр берген әйелді кезіктіріп, оны шұғыл ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция капитаны Нариман Расул мен полиция аға лейтенанты Кәрімов Бақдәулет патрулдеу кезінде көліктің есігін ашып, көмекке шақырған әйелді байқайды.

"Полиция қызметкерлері оған бірден келіп жақындап, мән-жайды сұрайды. Сол сәтте әйел жүрегінің ауырғанына шағымданып, оны ауруханаға жеткізуді өтінеді. Тәртіп сақшылары ойланбастан көмекке келіп, полиция қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекетінің арқасында, әйелді тез арада ауруханаға жеткізді", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Орал қаласының тұрғыны дәрігерлердің бақылауында екені нақтыланады.

Ақтөбе облысында учаскелік полицей далада адасып қалған екі ер адамға көмектескені хабарланған. Олардың бірінің астмасы ұстап, жүруден қалған.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді