Алматы облысында әйелінің басына әңгір таяқ ойнатқан ер адам полицейді атты

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында күйеуі тарапынан үнемі зорлық-зомбылыққа ұшыраушы әйел полицейлерден көмек сұрады. Оқиға орнына келген тәртіп сақшыларына да ол бағынбай, біразға дейін лаң салған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының полицияға жазған арызы жарияланды. Онда күйеуі жұбайын үнемі ұрып-соғатыны айтылған.

"Өтініш тіркеліп, екі лейтенант шара қолдану үшін оқиға орнына барды. Әңгімелесу барысында ер адам күтпеген жерден үйден мылтық алып шығып, полиция қызметкерлеріне қарай оқ атқан. Полицейлердің бірі оқ жарақатымен ауруханаға түсті", - дейді жарияланым авторы.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Белгілі болғандай, аталған факт 2024 жылдың 17 сәуірінде тіркелген.

"Алматы облысына қарасты елдімекендерінің бірінде атыс қаруынан белгісіз ер адам Еңбекшіқазақ ауданының учаскелік полиция инспекторына оқ атқан. Салдарынан полиция қызметкерінің қолына оқ тиіп, жараланды. Жергілікті күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, ер адамның мас болғаны, қолданған тегіс ұңғылы мылтығының атына тіркелгені де нақтыланады. 

"Ұсталған күдіктінің іс-әрекеті құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтиды. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі


Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі