Алматыда 6,5 млн теңгеден астам айыппұлы бар электр көлігінің жүргізушісі ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматыда полицейлер жол ережесін 189 рет бұзып, 6,5 млн теңгеден астам айыппұлға ие болған Zeekr электр көлігінің жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалған мемлекеттік нөмір тағып алған Zeekr автокөлігі Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында ұсталды.


"Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу салдарынан жиналған айыппұл. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Полицейлер азаматтарға жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ