"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысына қатысты сот үкімі шықты

Сурет: atameken.kz
13 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта Мырзахметовтың 2022 жылы мамыр айынан қазанға дейінгі аралықта Б.-ға ағасын қамаудан босату және оған қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату мәселесін шешуге мүмкіндігінің бар екендігін айтқаны анықталды. Ол ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары арқылы бұл мәселе шешілетінін жеткізген. Ақырында  алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы алаяқтық жолмен формальды түрде қарыз шарттарын ресімдей отырып, Б.-ның аса ірі мөлшерде 13,9 млрд теңгесін жымқырған.

Сотталушы кінәсін мойындап, әділ жаза тағайындауды сұрады.

"Сот үкімімен Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды".  Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Сот ҚР ҚК-нің 49-бабының 2-бөлігі негізінде ҚР Президентіне Мырзахметовты "Құрмет" және 3-дәрежелі "Барыс" ордені  сынды мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізді.

Мырзахметовтың мүлкіне салынған тыйым өз күшінде қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі