"Осы өтініш бойынша жедел-тергеу тобының оқиға орнына дереу шығуы қамтамасыз етілді. Қылмыстық іс тіркеліп, оның шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізілді. Сот-медициналық сарапшының алдын ала мәліметтері бойынша, жас баланың жыныс органдарының аймағында дене жарақаттары жоқ. Сонымен қатар, қылмыстық іс полиция департаментінің Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды". Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Оқиғаның барлық мән-жайлары мұқият тексерілуде.
"Барлық тергеу шаралары процессуалдық прокурордың қатысуымен жүргізіледі", делінген ресми хабарламада.
Тергеу полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.
Айта кетсек, 15 мамырда әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы тұрғынының үндеуі пайда болды. Ол өзінің үш жасар қызының зорлағанын мәлімдеді. Әйел арыз жазғанын, алайда қаскөй полицей болғандықтан жазадан сытылып кетуі мүмкін екенін де айтады. Облыстық полиция департаменті күдікті ұсталғанын, қазір тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын, оның қорытындысы кейінірек жарияланатынын хабарлаған болатын.