Анталияға есірткі ала кетпек болған елордалық келіншек жеті жылға сотталды

Сурет: unsplash
Елордалық 47 жастағы әйел есірткі контрабандасы үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, 2024 жылдың ақпан айында Астана қаласының халықаралық әуежайында қызметтік-іздестіру итімен "Тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында есірткі затының контрабандасы күдігімен Астана-Анталия бағытындағы әуе рейсімен ұшпақ болған 47 жастағы елорда тұрғынын анықталып, ұсталды.

"Жеке тінту барысында ұсталған азаматшадан жалпы салмағы 9 грамм болатын гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Құқық бұзушы есірткі затын Түркия Республикасының Анталия қаласына барғаннан кейін жеке өзі пайдалану мақсатында алғандығын айтқан", - дейді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев

Ұсталған азаматшаға қатысты көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

"27 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен әйел адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", – дейді полиция полковнигі.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды