Ресейге адыраспан апарғандар жазаланады. Бас прокуратура ескерту жасады

Сурет: wikipedia.org
РФ-ның қолданыстағы заңнамасында адыраспан психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілген. Оны тасымалдаушыларға қатысты көрші елдің заңнамасында жаза қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл өсімдікті Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және 1 миллион рубльге дейінгі немесе сотталған адамның бес жылға дейінгі кезеңде жалақысы немесе басқа кірісі мөлшерінде айыппұл түрінде немесе онсыз және бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе онсыз қылмыстық жауаптылық қарастырылған, ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген". ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Ресей Федерациясының аумағына демалыс кезінде кететін азаматтар санының артуына байланысты, қылмыстық жауапкершілікті болдырмау үшін Бас прокуратура азаматтарға аталған өсімдікті Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуден бас тартуды ескертеді.

       

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін