Қарағанды облысында екі оқушы қыздың зорлық-зомбылыққа ұшырауына қатысты тергеу басталды

Оқушы қыз, Қарағанды облысы, зорлау, қылмыстық іс, күдіктілер, ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2026 21:23 Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде Балқашта екі оқушы қыздың сексуалды зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы жаға ұстатар ақпарат тарады. Қарағанды облысының полицейлері күдіктілерді ұстап, тергеу шараларын қолға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сұмдық оқиға туралы ақпарат 2026 жылғы 18 қарашада әлеуметтік желіде тарады. Көмек сұрап жүгінген ер адамның айтуынша, өзінің 13 және 15 жастағы туысқан қыздары зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

Оның айтуынша, оқушы қыздар бүкіл жаз бойы қорлық көрген: оларды ұрып-соққан, есірткі заттарын тұтынуға мәжбүрлеген және жезөкшелікке жеккен.

Бұдан бөлек, қыздардың аузын жабу үшін олардың интимдік сипаттағы суреттерімен бопсалаған деген болжам бар. Кінәлілер жауапкершіліктен жалтарып кете ме деп қауіптенген отбасы бұл оқиғаны көпшілікке жария ету туралы шешім қабылдаған.

Аталған оқиғаға қатысты Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді. Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 16 қарашада полицияға Балқаш қаласының 55 жастағы тұрғыны ресми арызбен жүгінген.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені нәтижесінде полицейлер күдіктілерді анықтап, ұстады. Заңсыз әрекеттердің әр уақытта және әртүрлі орындарда жасалғаны анықталды. Барлық ұсталған уақытша ұстау изоляторына қамалды", деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне 2026 жылғы 18 қарашада ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицейлер тергеу жұмыстарына облыстық департаменттің ең тәжірибелі қызметкерлері тартылғанын, ал істің барысы басшылықтың ерекше бақылауында екенін де нақтылады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Павлодар облысында полицейлердің екі резонанстық қылмыстық істі тергеп жатқаны хабарланған болатын. Тексеруге әлеуметтік желіде оқушы қыздардың зорланғаны туралы пайда болған ақпарат негіз болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: