Еліміздегі қалалардың бірінде полиция мектеп пен балабақша маңындағы бақылауды күшейтті - видео

Тұман, Жезқазған, мектеп, балабақша, полиция, бақылау, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2026 20:29 Сурет: pixabay
Жезқазғанда кешкі уақытта қалың тұман түсіп, жолдағы көріну қашықтығы айтарлықтай төмендеді. Осыған байланысты полицейлер күшейтілген режимдегі жұмысқа көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары мектептер мен балабақшалар маңында, сондай-ақ қала ішіндегі және қала сыртындағы автожолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалауда. Сонымен қатар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақтық шараларын түсіндіріп жатыр.

"Полиция жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, көліктің жарық шамдарын қосуды және күрт маневр жасамауды ескертеді. Әсіресе, жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда мұқият болу маңызды. Жаяу жүргіншілерге жолдан өтпес бұрын көліктердің толық тоқтағанына көз жеткізіп, жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану ұсынылады", делінген өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полицейлер қолайсыз ауа райында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: