Алматының коммуналдық қызметі қар жауады деген болжамға байланысты жұмысын күшейтті

Алматының коммуналдық қызметі қар жауады деген болжамға байланысты жұмысын күшейтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2025 16:38 Сурет: Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
8 қаңтардан бастап қар жауады деген болжамға байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 8 қаңтар күні түнде және таңертең қалада қардың қалыңдығы 9 мм-ге дейін жетіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -5…-7 °С-қа дейін төмендеп, күндіз -2…0 °С шамасында болады.

7 қаңтар күні 438 арнайы техника мен 968 жұмысшы дайындалды. 2024-2025 жылдары қысқы маусым басталғалы бері 220 мың текше метр қар шығарылды.

Жолды уақытылы әрі тиімді тазарту үшін коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қала тұрғындарына мынадай ескерту жасады:

  •  Автокөліктерді, әсіресе түнгі уақытта, жол жиегінде қоймау керек;
  • Жолдар мен автотұрақтар бойына орнатылған ескерту конустарына назар аудару қажет.

Ведомствоның хабарлауынша, қар шығару жұмыстары таулы және тау бөктеріндегі аудандарда ерекше назарға алынып, қар күреу жұмыстары белсенді жүргізіледі.

Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге ұсыныстар:

  • Көктайғаққа байланысты көлік жүргізушілерінен жылдамдық режимі мен көліктер арасындағы қашықтықты сақтау және қар шығару техникасы жұмыс істеп жатқан аумақтарда көлік қоймауға шақырады;
  • Жаяу жүргіншілер жолдан өткенде, әсіресе көше дұрыс көрінбей қалған кезде және жол тайғақ болған жағдайда, аса сақ болғаны жөн.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: