Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда нөсер жауады: коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2024 22:19 Сурет: Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Алматыда 25 қыркүйек түнгі уақыттан 27 қыркүйек түске дейін жаңбыр жауады, аракідік нқсер жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлы тұруын қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы хабарлады.

Су кедергісіз ағып кетуі үшін күндізгі уақытта оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан меридиандық арық желілері кездейсоқ қоқыстардан қайталап тазартылды. Бұл жұмысқа 82 бірлік арнайы техника және 310 жұмысшы жұмылдырылды.

Проблемалық учаскелерде су тасқынының алдын алу және жою үшін мотопомпалармен, багрлермен және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған 46 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығады. 2,6 мың қап құм қамтамасыз етілді.

"25-інен 26-сына қараған түні 311 арнайы техника, 28 мотопомпа және 340 жұмысшы жұмылдырылды. Таңертеңнен бастап 457 арнайы техника, 28 мотопомпа және 754 адам жұмысқа шығады деп жоспарланып отыр. Ауа райының бұзылуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына тауға бармауға кеңес беріледі. Жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоюға кеңес берілмейді", - делінген хабарламда.

Басқарма сондай-ақ су басуды болдырмау үшін қала тұрғындарынан арықтарды, нөсер ағындары мен каналдарды қоқыспен бітеп тастамауды сұрап отыр.

Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша "қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын да ескертті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: