"Жетісу" футбол клубының директоры қамауға алынды: Антикор тың мәлімет жариялады

Сурет: pixabay
"Жетісу" футбол клубының директоры бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Жетісу футбол клубы" КМҚК директорын әшкереледі. Ол 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.

"Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", делінген Антикор хабарламасында.

Бұған дейін "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың екі айға қамауға алынғаны белгілі болған еді


Талдықорған
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді