"Жетісу" футбол клубының директоры екі айға қамауға алынды
Сурет: qfl.kz
"Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Zakon.kz порталына 2 маусым күні Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу сотынан хабарлады.
"Сот шешімімен тергеу органдарының Д.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылды, сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", - деп түсіндірді сот.
Бұған дейін кейбір БАҚ "Жетісу" футбол клубының директоры мен осы аттас әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Оның 1,8 миллиард теңгені ұрлады деген күдікке ілінгені атап өтілді.
Бұған дейін Алматы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбековтің ұсталғаны туралы хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript