"Жетісу" футбол клубының директоры қамауға алынды: Антикор тың мәлімет жариялады

Қамауға алынды, "Жетісу" футбол клубының директоры, Антикор , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 18:18 Сурет: pixabay
"Жетісу" футбол клубының директоры бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Жетісу футбол клубы" КМҚК директорын әшкереледі. Ол 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.

"Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", делінген Антикор хабарламасында.

Бұған дейін "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың екі айға қамауға алынғаны белгілі болған еді


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: