Атырауда ЖШС директорынан 6 млн теңге көлемінде пара алған шенеунік сотталды

Сурет: Zakon.kz
Атырау қаласының N2 сотында қомақты мөлшерде пара беруге итермеледі, алдады және сенімге қиянат жасау арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталды деп айыпталған шенеунікке қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімінің басшысы ЖШС директорын (оған қатысты қылмыстық іс тіркелген) лауазымды тұлғаға пара беруге көндіргені, оны алдап, апатты жағдайды арнайы тексеру комиссиясының актісін ақылы негізде өзгертуге болатынын айтқаны анықталды.


"Сотталушы аталған мәселені оң шешкені үшін ЖШС директорынан 6 млн теңге алған. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, жеке тінту хаттамасымен, сот бейне-фонографиялық және сот-психологиялық-филологиялық сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді. Сотталушы тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", делінген сот хабарламасында.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді