Сотта К., жәбірленушінің мүлкін ашық түрде тонау мақсатында, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жәбірленушіні соққыға жыққаны анықталды. Қылмыстық әрекеттерін жалғастыра келе, К. және Д. жәбірленушінің мүлкін – ұялы телефонын, күміс сақинасые және жемпірін иемденіп, 500 мың теңге сомасында материалдық залал келтірді.
Сотталушылар сотта кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекеттеріне өкініп, оларды бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Сотталушы К. келтірілген залалды өтемеген, ал сотталушы Д. ішінара өтеген.
Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп келесілерді таныды:
- К-нің кінәсін мойындауы, шын жүректен өкінуі, кәмелетке толмаған жаста қылмыстық құқық бұзушылық жасауы;
- Д-нің кінәсін мойындауы, шын жүректен өкінуі, кәмелеттік жасқа толмағаны және келтірілген залалды ерікті түрде ішінара өтеуі.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
"Сот үкімімен К. және Д. ҚР ҚК-нің 19-бабы 2-бөлігінің 1,3-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот К-нің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы белсенді рөлін және кәмелеттік жасқа толуын ескере отырып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру; ал сотталушы Д. кәмелеттік жасқа толмағандықтан және залалды өз еркімен өтегендіктен, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады", делінген сот хабарламасында.
Жәбірленушінің азаматтық талап қоюы қанағаттандырылды, сотталушылардан келтірілген материалдық залал мен моральдық зиян сомасы өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.