Кейбір шешімдерді орындау кезінде ЖСО шығындарын бөлу туралы нормалар Конституцияға қайшы келеді
Фото: pixabay
Өтініштің мән-жайы
Дау айтылып отырған нормаларға сәйкес баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы сот шешімін мәжбүрлеп орындату бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өндіріп алушы мен борышкерге тең үлестермен жүктеледі.
Жалпы, атқарушылық іс жүргізу тетігі сот шешімінің орындалмау ауыртпалығын борышкерге жүктеуді көздейді.
Азаматтың пікірінше, өндіріп алу бойынша қолданыстағы құқықтық тетік ата-ананың өзінен бөлек тұратын баласымен жеке қарым-қатынас жасауына қаржылық кедергілер келтіріп, құқығын шектейді.
Конституциялық Соттың ұстанымы
Конституциялық Сот өзінің шешімінде қолданыстағы заңнамада некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың ата-анасының екеуімен де және басқа да туыстарымен толық қарым-қатынас жасауын, сондай-ақ баланың да, ата-анасының да құқықтары мен мүдделерін іске асыруды шектеуге негіз болмайды нақты белгіленеді баса атап өтті. Әрбір ата-ана баласының даму және тәрбие алу процесіне тікелей қатысуға міндетті. Сот шешімдерін мәжбүрлеп орындату тетігі отбасылық қарым-қатынасты сақтап қалуда баланың мүдделерін нақты қорғауды қамтамасыз етуге және оларды ата-ананың мүліктік жағдайына байланысты етпеуге тиіс.
Конституциялық Сот бекітілген тәртіп сот шешімінің міндетті күші туралы конституциялық кепілдіктің қамтамасыз етілу тиімділігін төмендетеді, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу жөніндегі міндетті сот шешімі өз пайдасына шығарылған адамға жүктейді деп көрсетіп өтті.
Конституциялық Соттың қорытындылары
Конституциялық Сот дау айтылып отырған нормаларды Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды және Үкіметке баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау туралы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мәселелерін реттейтін заңнаманы Конституциялық Соттың осы нормативтік қаулыдағы құқықтық ұстанымдарына сәйкес жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды ұсынды.
Бұған дейін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгеретіндігін жазғанбыз.