Жамбыл облысында дәрігерді балағаттаған ер адам жауапкершілікке тартылды

Дәрігер, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, балағаттау, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2026 19:48 Сурет: Zakon.kz
Қордай аудандық соты медициналық қызметкерлерге құрметтемеушілік таныту фактісі бойынша азамат Ю.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК 80-1-бабының 2-бөлігі), деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың маусым айында азамат Ю. Сортөбе ауылының ауруханасында дәрігердің қабылдауында болған кезінде медициналық қызметкерге құрметсіздік танытып, былапыт сөздер айтқан. Құқық бұзушының кінәсі хаттамамен, жәбірленуші мен куәлердің айғақтарымен расталды.

Сотта ер адам өз кінәсін мойындамады. Өз кезегінде жәбірленуші (дәрігер) Ю-ды кешірмейтінін айтып, оған қамаққа алу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сот құқық бұзушылықтың бірінші рет жасалғанын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қаулысымен Ю. ӘҚБтК 80-1-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: