Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің әкесіне айыппұл салынды

Сот үкімі, Алматы, Айкөркем Меделхан, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2023 21:50 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ӘҚБтК 456-2 бабының 3 бөлігі, "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша азамат Меделханұлына қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы 8 қарашада М-ның "Facebook"-те бейнехабарлама жариялағаны белгілі. Аталған жазбада М. 2023 жылы 21 қазанда көршісінің өзіне шабуыл жасағанын, ал бұл ретте полиция қызметкерлері әрекетсіздік танытқанын мәлімдейді. Сондай-ақ полиция органдары оның өтінішін қабылдамаған және қандай да бір сипатта әрекет етуге тырыспағаны да айтылады.

"Сот М. тарапынан полицияға қандай да бір өтініш және мәлімдеме жасамағанын анықтады. Сонымен қатар, М. учаскелік полиция қызметкерімен әңгіме барысында шағымдардан бас тартып, жанжалдың бейбіт жолмен шешілгенін айтқан. Осылайша, М. желіде жалған ақпарат жариялаған. М. өз кінәсін мойындамады. Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 456-2 бабының 3 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 69 000 теңге мөлшерінде баламасыз әкімшілік айыппұл салынды", делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, Алматы гарнизоны әскери соты 15 қарашада қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің ісі бойынша ақтау үкімін шығарған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: