Ақмола облысында мотоцикл тізгіндеген жеткіншек опат болды

Сурет: unsplash
Ақмола облыстық полицейлері мотоцикл жүргізушісінің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылдың 21 маусымында жергілікті маңызы бар "Лозовое - Первомайка" тас жолында "Эндуро" маркалы мотоциклін тізгіндеген Астана қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны Ақмола облысы тұрғынының басқаруындағы "Mazda Premacy" маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

"Оқиға орнында мотоцикл жүргізушісі қаза тапты. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі, яғни "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын анықтайды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", делінген облыстық ПД хабарламасында.

Айта кетсек, 26 маусымда Алматыда автобустың қатысуымен ірі жол апаты болып, көп адам зардап шекті.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды