Астана мен Шымкентте террористік сипаттағы қылмыс жасады деген айыппен үш адам сотталды

Сурет: pexels
2024 жылғы маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті тіркеген материалдар бойынша террористік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін Қазақстанның үш азаматы сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 және 7 маусымда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен терроризмді насихаттау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның әрбірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Олардың айналасындағылар арасында, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқаны анықталды", делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

11 маусымда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен осыған ұқсас қылмысы үшін түзету мекемесінде ұсталудағы елорда тұрғыны 6 жылға қосымша бас бостандығынан айырылды.

Айта кету керек, 2024 жылы ақпанда ол билікті басып алуға, террористік топты құруға және басқаруға, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында жалдауға, терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға көпшілік алдында шақырғаны үшін 20 жылға сотталған.

Тергеу изоляторында болған кезде, ол заңсыз әрекеттерді тоқтатпады және камераластарына терроризм идеологиясын таратуға тырысты.

2024 жылы мамыр айында Астанада тағы сегіз адам терроризм бабы бойынша сотталған болатын.

Қазақстан
Шымкент
ҰҚК
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр