Алматы облысында заңсыз берілген 8 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Сурет: gov.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысында жүргізген тексеру қорытындысы нәтижесінде жалпы көлемі 8 мың гектар жайылымдық жер учаскелерін заңсыз беру фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оның ішінде 6 мың гектар жер Жамбыл, 2000 гектары Балқаш ауданына тиесілі. Жер учаскелері ҚР Жер кодексінің 43-1-бабын бұза отырып берілген. Аумақтық департаменттің талап арызы бойынша Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы үлгілік шарттары жарамсыз деп танылды", делінген министрлік хабарламасында.

Жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылғаны да нақтыланады.

4 шілдеде Ақтөбе облысында пайдаланылмай жатқан 22 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылғаны белгілі болды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

"Кездесуге" кешіккені үшін соққыға жығылды: Жамбыл облысында оқушы жансақтау бөліміне түсті

Тоқаевқа Қарағанды облысының даму жоспары таныстырылды