Бес өңірде жолдарды жөндеу жұмыстарының сметасында 4,8 млрд теңге артық асыра көрсетілген

Еліміздің бес өңірінде 4,8 млрд теңге сомасына артық және қайталама жұмыстарды қосу жолымен сметаларды асыра бағалау анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылы 12 шілдеде жартыжылдық кеңейтілген алқа отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асқат Жұмағали айтты. Ол жол саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сырттай талдау басталғанын атап өтті.

"Жалпы, соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңгені құрады. Жұмыстың екінші бағыты жолдардың ағымдағы құрылысына мониторинг жүргізу. Бүкіл ел бойынша 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген 217 учаске қамтылды", - деді Асқат Жұмағали.

Агенттіктің ерекше бақылауымен 12 ауқымды жоба бар.

"Олардың әрқайсысына жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіретін жауапты тұлғалар бекітілді. Барлық өңірлерде қоғам белсенділері, сондай-ақ осы саладағы сарапшылар кіретін мониторингтік топтар құрылды. Қазірдің өзінде талдау барысында бұзушылықтар анықталуда. Мәселен, 5 өңірде 4,8 млрд теңге сомасына артық және қайталама жұмыстарды қосу жолымен сметаларды асыра бағалау анықталды, ал 6 өңірде жүргізілетін жұмыстарды тиімсіз жоспарлау белгіленді. Сондай-ақ, Абай облысында 20 млн теңгеге шұңқырлы жөндеу жүргізілгеннен кейін, сол учаскеде 1 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілуде", - деді ведомство басшысы.

Бұл арада жұмысты толық көлемде орындамайтын үлестес және жосықсыз компаниялар тартылған.

Антикордың баспасөз қызметі Көлік министрлігінің Жол активтерінің сапасы орталығының жұмысына ерекше назар аударылатынын хабарлады. Тек 4 өңірде ғана аталған орталықпен 526 бұзушылық анықталды, олар кейіннен жойылмады.

Талдау қорытындылары туралы Президент пен жұртшылық хабардар етіледі. 

2024 жылы 28 мамырда Антикор Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлеріне қатысты тергеуді аяқтады.

Қазақстан Антикор
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: