БҚО-да жерді заңсыз қазып, топырақты пайдаланған компанияға 22 млн теңге айыппұл салынды

Сурет: ҚР АШМ баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында жекеменшік компаниядан мемлекет пайдасына жер заңнамасын бұзғаны үшін 22 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоспардан тыс тексеру барысында ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Батыс Қазақстан облысының аумақтық бөлімшесі Теректі және Ақсуат ауылдық округтерінде топырақтың құнарлы қабатын заңсыз алу түріндегі бұзушылықты анықтады. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады. 

"Кәсіпорынға 22 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, мемлекет кірісіне өндірілді. ҚР Жер кодексінің 140-бабына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бүлінген жерлерді қалпына келтіруге, олардың құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіруге және оны шаруашылық айналымға уақтылы тартуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге міндетті". ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Аумақтық бөлімше "Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы" автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасы аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде бұзылған жерлер мен оның құнарлылығын қалпына келтіру жолымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша кешенді іс-шараларды қабылдау туралы ұйғарым жазып, ұсынымдар енгізді.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді