Алматыдағы емхананың бас бухгалтері бес жыл ішінде 340 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы №30 қалалық емханасының бас бухгалтері Х. пен поликлиниканың есепшісі Т-ға қатысты, бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемдену немесе ысырап ету туралы қылмыстық іс Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz

Сот отырысы барысында бас бухгалтер мен есепшінің, жеке заңсыз табыс табу мүддесінде, 2019 жылдың маусымнан 2023 жылдың қараша айына дейін жұмыс істемейтін адамдардың карточка шоттарына жалақы мен үстемелерді есептеп ақша аударғаны анықталды.

Құқықбұзушылық схемасы нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы – 340 387 113 теңге материалдық зиян келтірілді.

Жаза тағайындау кезінде сотталушылардың жасаған қылмысы үшін өкініш білдіруі және бұрын сотталмауы сияқты жеңілдететін жағдайлар ескерілді.

"Х. кінәлі деп танылды және оған 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, 5 жылға материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды Т. кінәлі деп танылды және оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, 5 жылға материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды",- деп хабарлады сот.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі