Қазақстанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасын кеңінен насихаттау жоспарланып отыр
Фото: akorda.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 сәуірдегі қаулысымен Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және танымал ету бойынша 2026–2028 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоспар бірнеше бағытты қамтитын 37 іс-шарадан тұрады:
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы сыйлықты институционалдық және құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету
- Ғылыми-зерттеу және білім беру жұмыстарын дамыту
- Мәдени-ағартушылық және шығармашылық шаралар өткізу
- Мұраны ақпараттық тұрғыда таныту және халықаралық деңгейде насихаттау
- Тарихи мұраларды қалпына келтіру (реставрация)
Аталған жоспар аясында мынадай нақты іс-шаралар жүзеге асырылады:
- Түркістан қаласында мектеп оқушылары арасында "Ясауитану" дәстүрлі байқауының республикалық кезеңін ұйымдастыру
- Қожа Ахмет Ясауи шығармалары мен ғылыми еңбектерін басып шығару
- "Ясауитану" атты халықаралық ғылыми журнал шығару
- Мектептерде "Yassawi Week" атты апталық іс-шаралар өткізу
- "Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы: жастар көзқарасы" тақырыбында республикалық эссе байқауын ұйымдастыру
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында "Ясауи мұрасы және оның түркі әлеміне ықпалы" атты республикалық конференция өткізу
- Астана, Алматы және Түркістан қалаларында архив құжаттары мен қолжазбалар негізінде көрмелер ұйымдастыру
- Облыс орталықтарындағы көшелердің немесе даңғылдардың біріне Қожа Ахмет Ясауи есімін беру
- Отандық және шетелдік БАҚ пен әлеуметтік желілерде арнайы жобалар (подкасттар, челлендждер, бейнероликтер) іске қосу
- ЮНЕСКО аясында халықаралық ғылыми конференция өткізу
- Шетел мемлекеттерінде саябақтар мен көшелерге Қожа Ахмет Ясауи есімін беру мүмкіндігін қарастыру
- Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript