"Мылтық, ақша, ноутбук, алтын бұйымдар". Оралда үйге ұрлыққа түскен қаскөйлер ұсталды

Сурет: polisia.kz
Оралда полицейлер пәтер ұрлығын ізін суытпай ашып, қаскүнемдерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 тамызда Орал қаласындағы ескі әуежай ауданында жеке үйлердің бірінде пәтер тоналған. Бұл кезде үй иелері қонақта болған.


"Қылмыскерлер үйге терезе арқылы кіріп, 3 млн 200 мың теңге ақшаны, алтын бұйымдарды, ноутбук, сондай-ақ 1984 жылы туған үй иесіне тиесілі сейфте тұрған мылтықты ұрлап әкеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Бәйтерек ауданының бұрын пәтер ұрлығы үшін сотталған екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар 2020 жылы Жұлдыз және Ескі әуежай шағын аудандарында эпизодтық пәтер ұрлығын жасағаны, бұл үшін  сотталғандары анықталды. Тінту кезінде ұрланған қару күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен табылды, олар оны үйдің ауласына көміп тастаған. Ноутбук күдіктінің әпкесінен, ал алтын жалатылған білезік алтын зергерлік бұйымдарды сатып алушыға тапсырылған", делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар ұсталғандардың бірінен 300 мың теңге табылып, тәркіленді. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды