Астанада қызмет бабындағы полицейге қарулы шабуыл жасалды

Сурет: Zakon.kz
1 қыркүйекте қызмет бабы барысында полицейге шабуыл жасалды. Пышақ жарақатын алған құқық қорғау органы өкілі бірден ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен әлеуметтік желіде оқыс оқиғаның видеосы жарияланды. Видеода бейтаныс ер адамның оқиға орнынан қашып бара жатқанын, ал жерде полицейдің сұлап жатқанын көруге болады. 

Оқиға куәгерлері полицейді әлдекім пышақтап кеткенін айтады. 

Аталған оқиғаға қатысты Zakon.kz сайтына Астана қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

"1 қыркүйекте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін атқарушы патрульдік полиция полкінің инспекторына сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам шабуылдап, арқасына пышақ тыққан. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 380-бабы, яғни "Билік өкіліне қатер төндіру немесе зорлық-зомбылық жасау" бойынша қылмыстық іс қозғалды". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Күдікті 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды