Қызылорда облысынан 68 шетел азаматы шығарылды

Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысында сот шешімімен 68 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан бері Қызылорда облысының аумағына түрлі мақсаттармен 16 196 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды. Оның ішінде 15 960 азамат ТМД елдерінен болса, ал алыс шетелдерден 236 азамат тіркелген.  Осы жылдың 8 айында жалпы 2 272 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, шетел азаматтарымен жасалған 1497 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның 68-і сот шешімімен республика аумағынан алыстатылып, 5 жылға Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынды.


"Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпегені үшін 755 Қазақстан Республикасының азаматына әкімшілік шаралар көріліп, жеке және заңды тұлғаларға қатысты 18 млн 823 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, толығымен мемлекет пайдасына өндірілді", делінген Қызылорда облысы ПД хабарламасында.
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді