Қызметтік этиканы бұзған: Астанада қос полицейдің неге жұмыстан қуылғаны белгілі болды

Полиция, Астана, туристік полиция қызметкерлері, жұмыстан босату, қызметтік этика, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2026 12:55 Сурет: Астана қалалық полиция департаменті
Астана қаласының полиция департаменті туристік полиция қызметкерлерінің жұмыстан босатылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордадағы туристік полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында әдеп нормалары мен полиция қызметкерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзғаны белгілі болды.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды", делінген 2026 жылғы 13 қыркүйектегі полиция хабарламасында.

Айта кетсек, бұған дейін әйгілі тревел-блогер Haggagovic-тің әлеуметтік желідегі парақшасында Астанада түсірілген видео жариялағаны белгілі. Видеода блогер полиция қызметкерін екі қолымен көтеріп алып, онымен бірге шыр көбелек айналады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: