Алматы әкімдігі "Бағанашыл" балалар үйі қызметкерлерінің жұмыстан босатылуы туралы ақпаратқа пікір білдірді

Алматы әкімдігі "Бағанашыл" балалар үйі қызметкерлерінің жұмыстан босатылуы туралы ақпаратқа пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2025 19:22 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 1 тамызда Алматы әкімдігі "Бағанашыл" балалар үйі қызметкерлерінің жұмыстан шығарылғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламада айтылғандай, бүгін Алматы мәслихатының депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, Алматы мен Алматы облысы білім басқармаларының өкілдері Бағанашыл шағын ауданында орналасқан "Арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау өңірлік орталығы" КММ ұжымымен кездесу өткізді.

"Кездесу барысында балалар үйінің қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Орталықтың қызметкерлеріне (педагогтеріне) олардың Алматы облысынан Алматы қаласы қарамағына өтетіні, бұл процесс еңбек құқықтарын сақтай отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес және жеке жазбаша келісім негізінде еңбек шарттарын қайта ресімдеу арқылы жүргізілетіні түсіндірілді. Балалар үйі қызметкерлерінің жұмыстан шығарылғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - деп мәлімдеді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, қала әкімдігінің мәліметінше, "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілері өз орталығында тұра береді және Алматыдағы мектептерде оқиды.

"Балалар үшін қауіпсіздік пен лайық жағдай жасау – қала әкімдігі мен Оқу-ағарту министрлігінің басты басымдығы. Аталған жағдай тұрақты бақылауда", - деп сендірді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: