Бағанашыл балалар үйінің тағдыры туралы Алматы әкімдігі ақпарат берді

Ребенок у окна, дети у окна, окно, падение из окна, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2025 12:09 Фото: pexels
Бүгін, 2025 жылдың 31 шілдесінде Алматы қаласының әкімдігі Бағанашыл балалар үйінің тәрбиеленушілерін орналастыру мәселесі бойынша ақпараттық хабарлама таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің берген ресми ақпаратына сүйенсек, "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілері өз Орталығы аумағында тұрып, Алматы қаласында білім алуын жалғастырады.

Қазіргі таңда Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері нысанды қаланың қарамағына беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тәрбиеленушілерге заманауи әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында балалар үйінің ғимаратына кешенді қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, бұл техникалық зерттеу, жобалау-сметалық құжаттама дайындау, мемлекеттік сараптамадан өткізіп, тиісті конкурстық рәсімдерден өткеннен кейін ғана келесі жылы басталады.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде балаларды уақытша орналастыру мәселесі қауіпсіздік талаптары мен қажетті тұрмыс жағдайын ескеріле отырып шешіледі. Балалар бірінен бірі бөлінбейді.

Тәрбиеленушілер Алматы қаласындағы қазір өздері оқып жүрген мектепте білім алуын жалғастырады.

Балалар үйінің ғимаратынан балаларды Қонаев қаласына көшіру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.

Балалардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету Алматы қаласы әкімдігінің және Оқу-ағарту министрлігінің басты назарында. Балалардың оқуы мен тұрмыс жайы әрдайым жіті бақылауда болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: