"Бағанашыл" балалар үйінің дауына байланысты үш лауазымды тұлға жұмыстан босатылды

Салтанат Беспаева, Болат Күренбеков, Ерік Әбітов , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 09:31 Сурет: gov.kz
Алматы облысында "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіру ісіне байланысты бірден үш шенеунік қызметінен айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты 2025 жылғы 12 тамызда облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша облыс әкімінің орынбасары Болат Күренбеков қызметінен босатылды. Сонымен қатар Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов те қызметтерінен босатылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды", – деді Алматы облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Онбырбаева.

2025 жылғы 31 шілдеде Алматы қаласының әкімдігі "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілері өз орталығының аумағында тұрып, Алматыда білім алуды жалғастыратынын мәлімдеді. Алматы және Алматы облысы әкімдіктері нысанды беру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқаны атап өтілді.

2025 жылғы 1 тамызда Алматы қаласының әкімдігі "Баганашыл" балалар үйі қызметкерлерінің жұмыстан босатылуына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: