Алматыда әйеліне 14 млн теңгеге бренд сөмке сатып алып берген ер адам сан соғып қалды

Сурет: pexels
Алмалы аудандық сотында ірі мөлшерде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Сотта сотталушы Х-ның сатқан сәнді сөмкесінің бренд емес екенін тауар зерттеуші экспертизасымен расталды. Алайда ол өз кінәсін мойындамады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта сотталушы Х-ның журналдың бренд-директоры болып жұмыс істеп жүргенінде жәбірленуші К-мен танысқаны, олардың достық қарым-қатынастары негізінде Алматы мен шетелдегі қоғамдық іс-шараларға бірге барғаны, соның бірінде Х. ресми бренд дүкендері бағасынан төмен, түпнұсқа зергерлік бұйымдар мен брендтік тауарларды сатуға ұсынғаны анықталды. Ол М-ға әйелдерге арналған бренд сөмке ұсынған. Ер адам сотталушыға 14,5 миллион теңге аударған. Оған ол сатып алу чектері мен тауардың шынайылығын растайтын құжат бермеген. Уақыт өте келе, жәбірленуші сөмкенің түпнұсқа еместігін анықтаған. Бұл факт тауар зерттеушісінің экспертизасымен расталды.

Сотталушы Х-ның дәл осындай схема бойынша тағы 7 алаяқтық эпизоды анықталды, келтірілген жалпы шығын көлемі - 114 миллион теңге. Сотта Х. кінәсін мойындамады, сотқа тауарларды тек курьер ретінде жеткізгенін айтты.

"Сот сотталушы Х-ны 190-баптың 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп таныды және оған 5 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны тағайындау барысында, сотталушының бұрын сотталмауы және жеңілдететін мән-жайлар ескерілді", делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Алматы
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды