Алматыда екі дос бөтеннің көліктерін сатып, түскен ақшаға казино ойнаған

Сурет: pexels
Алматыда Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны бар ақшасын онлайн-казиноға тігіп жіберген. Осылайша түксіз қалған екеу заңсыз жолмен ақша табуға бел буады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, құмар ойынға қанбаған ер адамдар "көлігіңді есепке қойып беремін" деп алматылықтарды алдай бастайды.

"Қаскүнемдер "тіркетеміз" деп бөтеннің көліктерін алып кетіп, бірақ ақыр соңында оларды сатқаннан түскен ақшаны казиноға жұмсаған. Осылайша олар екі адамды алдады. Жәбірленушілер материалдық шығынды шамамен 15 миллион теңгеге бағалады", - дейді полициядағылар.

Сот екеуін де кінәлі деп тауып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Олар жазаны Семейдегі орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын қазіргі уақытта ішінара өтелді.

Алматы
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Сарбаз жолы": БҚО-да 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді