Қазақстанда мүгедек тұлғалардың ұйымдарынан сатып алынатын тауарлардың тізбесі бекітілді

Фото: freepik
Еңбек министрлігі 2024 жылғы 3 қыркүйектегі бұйрықпен "мүгедек адамдардың қоғамдық бірлестіктерінен және ҚР-дағы мүгедек адамдардың қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін" бекітті.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алуға бөлінген қаражаттың жалпы көлемінен тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде ҚР мүгедек адамдардың қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) мүгедек адамдардың қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан тауарлардың кемінде 50%-ын және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің 100%-ын сатып алады.

Еңбек министрлігі осындай тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізімін бекітті:

Өндірілетін тауарлар:

Өндірілетін және (немесе) жеткізілетін тауарлар:

Орындалатын жұмыстар:

Көрсетілетін қызметтер:

Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі