Ақтөбе облысында қызғаныштан әйелін пышақтап өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

Сурет: unsplash
Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 9 қыркүйекте қызғаныштан әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған ер адамды кінәлі деп тауып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта Мартук ауылында 2024 жылы 21 маусымда түнгі уақытта өз үйінің ауласында сотталушы мен әйелі арасында сөзге келіспеушілік туындағаны, сотталушы алкогольдік масаң күйде қызғаныштан әйелінің шашынан ұстап, оның мойын тұсына пышақпен бір рет соққы жасағаны анықталды. Одан кейін де В. жәбірленушіге бірнеше рет пышақ сілтеген, салдарынан әйел қылмыс орнында көз жұмған.

 Сотталушы өзіне тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындап, әйелін қызғаныштан өлтіргенін және жасаған қылмысы үшін шын өкінетінін айтты.

"Соттың үкімімен В. кінәлі деп танылып, оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеу белгіленді. Сотталғаннан жәбірленуші өкілінің пайдасына моральдық өтемақы есебіне 10 000 000 теңге өндірілді", делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды