Қазақстанда жекелеген аурулар бойынша мүгедектікті белгілеудің балдық жүйесі енгізіледі

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2026 11:33 Фото: pixabay
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі сырттай проактивті куәландыру кезінде жекелеген аурулар бойынша мүгедектікті белгілеудің балдық жүйесін енгізуге арналған пилоттық жобаны әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау және оны жүргізу тәртібін жетілдіруді көздейді. Ол үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қызмет ету, тіршілік әрекеті мен денсаулық шектеулерінің халықаралық жіктемесіне негізделген бағалау жүйесі қолданылады.

Балдық жүйе белгіленген өлшемшарттар мен ақпараттық жүйедегі автоматтандырылған есептеу арқылы адам ағзасы қызметінің бұзылу деңгейін және оның күнделікті өміріндегі шектеулерді объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, жаңа тәсіл медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдау жағдайларын азайтуға, сондай-ақ қабылданатын шешімдердің объективтілігін, ашықтығы мен негізділігін арттыруға бағытталған.

Бұдан бөлек, жүйе субъективті факторды төмендетіп, азаматтардың күнделікті өміріндегі шектеулерді бағалауда бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге тиіс.

Құжат 6 қазанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: