Жұртқа eGov.kz мобильді қосымшасының бұзылғаны туралы хабарлама келуде. Бұл қаншалықты рас

Сурет: pexels
WhatsАpp-та ХҚКО сайттары мен eGov Mobile қосымшасын бұзып кеткені жөнінде аудио хабарлама тарауда. Осыған байланысты аудио авторы 1414 нөмірінен келетін сілтемелерді баспауды ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ға аталған аудио хабарламаға қатысты түсініктеме беруді сұрап жүгінді. 

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мессенджерлерде тараған ХҚКО сайты мен EGOV Mobile мобильді қосымшасының бұзылғаны туралы аудио хабарлама жалған болып табылатынын әрі оның шындыққа сәйкес келмейтінін нақтылады.

"Электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, портал мен мобильді қосымшаны пайдаланушылардың деректері үшінші тұлғалар үшін қол жетімсіз". "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ

Пайдаланушылардан жалған хабарламаға ден қоймауға және теріс, тексерілмеген ақпаратты таратпау сұралады.

"Пайдаланушылар e-Gov.kz порталының және eGOV Mobile мобильді қосымшасының жұмысына қатысты барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласа алады",  делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі