Қазақстанда жаңа мемлекеттік награда бекітілді

Церемония вручения государственных наград, государственные награды, вручение медалей, вручение орденов, церемония награждения, награждение, орден, ордена, медаль, медали, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2026 14:00 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 30 наурызда "Қожа Ахмет Ясауи" ордені туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекеттік награда – "Қожа Ахмет Ясауи" ордені тағайындалсын", – делінген құжатта.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне "Қожа Ахмет Ясауи" орденінің эскизін әзірлеу тапсырылды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қожа Ахмет Ясауи" атты жаңа орден тағайындауды ұсынған болатын. Бұл бастама ұлы ойшылдың мұрасын зерттеуге және насихаттауға үлес қосқан азаматтардың ерекше еңбегін атап өтуге, сондай-ақ өңір мен елдің мәдени-рухани құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: