Алматыда инновациялық орталық салу үшін бір гектардан астам жер мемлекет мұқтажы үшін алынады

Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, панорама Алматы , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2026 16:15 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 13 сәуірде Алматы қаласы әкімдігінің жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекеттік мұқтаждықтар үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы қаласының Жетісу ауданында, Жансүгіров көшесінің батысында, Д. Қонаев атындағы каналдың солтүстігінде орналасқан, жалпы аумағы 1,2581 га болатын "Адам" ЖШС-не тиесілі жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждық үшін инновациялық шығармашылық орталық салу мақсатында мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын", – делінген құжатта.

Жер қатынастары басқармасына мынадай міндеттер жүктелген:

  • жер учаскелерінің иелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы төлеуді қамтамасыз ету;
  • жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекеттік мұқтаждық үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару шаралары аяқталғаннан кейін жер учаскесін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігі аппаратының балансына беру.

Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі – 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін болып белгіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: