Алматыда "Атакент" кәсіпкерлік орталығынан мемлекет мұқтажы үшін жер телімі алынады

Атакент, Алматы, парк, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2025 16:29 Сурет: pexels
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 мамырдағы "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы" қаулысына қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Атакент Азия Девелопмент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен көрме залын салу үшін Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі, 42/23 мекенжайында орналасқан, аумағы 1,4617 гектар жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталды", – делінген құжатта.

Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні белгіленді: 2027 жылғы 31 желтоқсан.

Заңда белгіленген тәртіппен жер телімінің иесіне өтемақы төленетіндігі қарастырылған.

Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін ол "Алматы қаласының Мәдениет басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балансына беріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: