СҚО-да парақорлық бабымен Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры сотталды

Сурет: Zakon.kz
Петропавлда сыбайлас жемқорлық бабымен Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры мен психиатр дәрігер сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавл қалалық сотында жақсы көзбен қарағаны үшін пара алды деген айыппен "Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының" директоры мен пара алуға делдалдық жасағаны үшіносы орталықтың психиатрына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта Қ.А. директор бола тұра, невропатолог К-дан жалпы қамқорлығына алуы үшін жалпы сомасы 1 814 000 теңге; психиатр К.М. жалпы сомасы 1 041 000 теңге; психиатр Б-дан жалпы сомасы 1 265 000 теңге ақша түрінде пара алғаны, оның 672 000 теңгесі делдал болған К.М-ға берілгені анықталды.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және істің жазбаша материалдарымен дәлелденді.

"Сот үкімімен орталық директоры ҚР ҚК-нің 366-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы және 55-бап, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп табылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Ал психиатр дәрігерге 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленді. Екеуі де  жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтейтін болады", делінген сот хабарламасында.

Сотталғандар мемлекеттік қызмет лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?