Таразда жолда есіксіз кетіп бара жатқан Volkswagen полиция назарына ілікті
Сурет: polisia.kz
Таразда патрульдік полиция қызметкерлері алдыңғы сол жақ есігі жоқ болғанына қарамастан жолға шыққан Volkswagen автокөлігінің жүргізушіні тоқтатты. Есіксіз көлік Төле би даңғылымен кетіп бара жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, көлік ұзақ уақыт бойы бір орында тұрған. Жүргізуші оны техникалық қызмет көрсету станциясына жеткізбекші болып, эвакуатордың орнына дәл осы күйінде өз бетімен апаруды жөн көрген.
"Алайда көліктің мұндай техникалық жағдайы жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіруі мүмкін. Аталған құқық бұзушылықты жасаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция ақауы бар автокөлікті жөндеу орнына қауіпсіз жолмен жеткізу керектігін ескертеді. Егер көлік қауіпсіздік талаптарына сай келмесе, өзіңізді және айналадағыларды тәуекелге тікпей, эвакуатор қызметін пайдаланған жөн", делінген полиция хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript