Астанада есірткі дүкендерін ұйымдастырғандар 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
Сурет: pxhere
Астанада төрт есірткі дүкендерін ұйымдастырғандар мен осы іске қатысушыларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада "San-Andreas", "MOOZ", "Zadira" және "Царство Аида" есірткі дүкендеріне қатысты істер бойынша сот талқысы өтіп, үш сот үкімі заңды күшіне енді.
"Қылмыстық топтардың құрылымы анықталды: ұйымдастырушылар, қойма қызметін де атқарған куратор және есірткі жасырын орындарға орналастырумен айналысқан курьерлер. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың барлығы 18 мүшесі 16 және 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ақша қаражаттары, цифрлық активтер, мүлік пен автокөліктер мемлекет кірісіне тәркіленді". Астана қалалық прокуратураның баспасөз қызметі
Бұған дейін Таиландтан Қазақстанға есірткі тасыған азамат 16 жылға сотталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript