Астанада спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы сотталды

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК-ның бұрынғы басшысын лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп танып, оны 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК басшысы бола отырып, ол 2019 жылдың қараша – желтоқсан айлары аралығында өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған, атап айтқанда, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша А-ны аға жаттықтырушы лауазымына заңсыз тағайындап, 19-шы қысқы Сурдлимпиада ойындарына қатысу үшін оны Вальтеллина (Италия) аймағына іссапарға жіберген және жалпы сомасы астам жалақы, іссапар шығыстар түрінде 113 млн теңгені заңсыз алуға ықпал еткен.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, аудит және маманның қорытындыларымен, ақша қаражатын алу туралы банктік деректермен дәлелденді.

Сотта сотталушының қорғаушылары қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оны ақтауды сұрады.

 Сот жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балалардың болуын, келтірілген материалдық залалды толық көлемде ерікті түрде өтеуін таныды


"Сот үкімімен Е. ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.  

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді